Алматыда жеке үйлердегі өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

29.01.2021 17:51

Жеке секторда 402 өрт оқиғасы тіркелді, бұл жыл басынан бері тіркелген өрттің жалпы санының 60 пайызын құрайды

стоп-кадр

Алматыда жылыту маусымында жеке сектордағы өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Самат Асаинов мәлімдеді.

Жыл басынан бері Алматы қаласында 671 өрт оқиғасы тіркелді, зардап шеккен адамдардың саны 26 пайызға азайып, 31 адамды құрады. Өрттен 38 адам құтқарылып, 235 қауіпті аймақтан шығарылды, 1 млн тг астам соманың мүлкі құтқарылды.

Жеке секторда 402 өрт оқиғасы тіркелді, бұл жыл басынан бері тіркелген өрттің жалпы санының 60 пайызын құрайды.

Жеке тұрғын үй секторында өрттің негізгі шығу себептері:

- отқа ұқыпсыз қараудан — 96 өрт оқиғасы орын алды, немесе бұл жеке секторда болған өрттің жалпы санының 24 пайызын құрайды;

- пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болған өрттердің саны — 81 немесе 20 пайыз;

- электр құралдарын монтаждау немесе пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан болған өрттің саны — 80 немесе 19 пайыз.

- тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану салдарынан — 64;

- әдейі өртеу — 65;

- отпен жұмыс жасау өндірісінде — 12, балалардың бұзықтығынан — 2, өрттің басқа да себептерімен — 6.

Жеке тұрғын үй секторында орын алған өрттен (11) өрттен адамдардың қаза болу себептерін нақтылау кезінде анықталғаны: 7 өрт оқиғасында қайтыс болғандар алкогольді ішімдіктер ішкен (төсекте темекі шеккен), қалғандары электр сымдарының ақаулығынан, оның ішінде, түнгі уақытта қараусыз қалдырылған электр шәйнектері мен май шамдардан тұтанған өрттен болған. Сондай-ақ, адамдардың өліміне әкеліп соқтырған барлық өрттер түнгі және таңертеңгі мезгілдерде, яғни қырағылық азайып, адамдардың үйде қатты ұйқыда болатын уақытта болған. Сонымен қатар тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс сақтамай, электр қондырғыларының ережелерін өрескел бұзып, ақауы бар, жарамсыз электр жабдықтарын пайдаланады.

Сонымен бірге 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымында өрттерді болдырмау, адамдардың жарақаттануын азайту мақсатында, Алматы Төтенше жағдайлар департаментімен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде:

Аз қамтылған және қозғалысы шектеулі отбасылардың 100-ден астам үйінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп электр желілерін, жылу жүйелерін, пеш құрылымдарындағы жарықтарды жөндеуге, әктеу, пеш мұржаларын күйеден тазарту және басқа жұмыстарға көмек көрсетті.

Өрттердің 60 пайызы жеке тұрғын үй секторында орын алатынын ескере отырып, өткен жылдың тамыз айынан бастап тұрғындарға ауқымды үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу басталды. Барлығы 145 471 жеке тұрғын үй есепке алынды, қатты отын пайдаланатын 1848 үй толықтай тексеруден өткізілді, оның ішінде 605 әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйі қайта тексеріліп, өрт қауіпсіздігі туралы 300 мыңнан астам ескертпелер таратылды. Әлеуметтік жағдайлары осал топтағы отбасылар мен алкогольдік ішімдіктер ішуге бейім адамдардың тұрғылықты жерлерінде КВИ ошақтарын ескере отырып, 271 рейд жүргізілді.

Әкімдіктің қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың көмірмен жылытылатын 1254 жеке тұрғын үйлері, қатты отын пайдаланатын басқа да жеке үйлер көміртегі тотығы датчиктерімен (2018-2020 жылдары үйлерге орнатылған датчиктерді қоса алғанда) жабдықталған.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қатты отын пештері бар үйлерде өрт шықпай, адамдардың көміртегі газынан улануып қайтыс болуына жол берілмеді, ал жарақат алғандардың саны 22 пайызға төмендеп, 31 адамды құрады. 2019 жылы бұл сан — 40 болған.

Алматы қаласы ТЖД 2020-2021 жылғы жылыту маусымында өрт оқиғаларын және адамдардың жарақат алуын болдырмау үшін төмендегі негізгі ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді:

- газ құралдарын қолдануда қауіпсіздік шараларын сақтау;

- жылыту пештері мен газ аспаптарының жанында жиһаз және басқа да жанғыш заттарды орналастырмау, сондай-ақ киім мен отынды кептірмеу;

- ақаулы электр розеткаларын, электр ажыратқыштарды және электр аспаптарын пайдалануға болмайды;

- электрплиталары мен үтіктер, электршәйнектері мен керосин құйылған ыдыстарды отқа төзімді орынтаққа орнатыңыз;

- жылу беру кезеңінде, жылыту пештерінің мұржаларын, күйе құбырларын тазартыңыз;

- от жағатын пештің алдындағы еденге өлшемі кемінде 50×70 см болатын қатты темір төсеніш бекіту.