Алматыда шағын және орта бизнес қалай дамуда

13.10.2023 17:52

ШОБ нысандарының саны 25,8% артты

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата

Алматыда 9 айдың қорытындысы бойынша жоғары іскерлік белсенділік сақталуда. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік басқармасы мамандары айтты, деп  хабарлайды Аlmaty.tv. 

Белсенді жұмыс істейтін ШОБ нысандарының саны 25,8%-ға артып, 341 мыңға жетті.

Бірінші  жартыжылдықта ШОБ өнімін шығару 8,6%-ға артты. Ал шағын және орта бизнесті қолдау үшін субсидиялау, кепілдік беру және несиелендіру үшін бюджеттен 49,4 млрд теңге бөлінді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 60%-ға дейін ұлғаяды деп жоспарланады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда «Халық қатысатын бюджеттің» үздік жобалары үшін онлайн дауыс беру басталды