Алматыда заңсыз салынған жазғы кафе сүріледі
Almaty.tv.
Іс-шараға 2023 жылы 7 сәуірде сот орындаушылары қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Назарбаев даңғылындағы 240-үйде орналасқан «Здесь и сейчас» кафе-барының жазғы террассасы сот шешімімен сүріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Bars Holding ЖШС меншік иесі рұқсат құжатынсыз мемлекеттік қордың жерлер қосалқы нысан тұрғызған. 2022 жылғы 28 маусымда қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) осы қосымшаны бұзу жөнінде талап-арыз берген еді.
Алматы қаласы МАЭС шешімімен қосалқы нысанның заңсыз салынғаны және оны бұзу туралы талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды.
2023 жылы 7 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүрілетін болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
16.09.2026 09:01
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37
Алматының 120 спортшысы XX жазғы Азия ойындарына қатысады
15.09.2026 09:35