Алматыда адам көп жиналатын орындарға 3050 бақылау камерасы орнатылмақ

04.03.2022 17:53
inform.kz

Алматыда қосымша әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарда 3050 сыртқы бақылау камерасын қосу жоспарлануда. Бұл туралы Мемлекет басшысының Алматыны қалпына келтіру және одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау бойынша қала мәслихатының XVI сессиясы барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаланың құқық қорғау органдары мен Азаматтық қорғанысының материалдық-техникалық базасы қалпына келтіріліп қана қоймай, нығайтылатын болады. Қосымша әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарда 3050 сыртқы бақылау камерасын қосу жоспарлануда», – деді қала әкімі.