Осы жылы «Рахат кз» базарлары мен «Алатау» базарының 4 блогын қайта жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда – Г. Көкебаева

inAlmaty
inAlmaty
Жетісу ауданы Алматы қаласының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі саналады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы жылы «Рахат кз» базарлары мен «Алатау» базарының 4 блогын жаңғырту жұмыстарын  аяқтау жоспарлануда.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу ауданы Алматы қаласының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі саналады.

Ауданның өндіріс көлемі 941 өнеркәсіп кәсіпорындары есебінен қалыптасады, оның ішінде: 37 ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары және 904 шағын кәсіпорындар.

Статистика деректері бойынша 2020 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 212,3 млрд тг құрады.

2020 жылы бөлшек сауда көлемі 743,7 млрд тг, көтерме сауда көлемі 1 трлн тг құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 6 968 кәсіпорынды құрап, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 8,7%-ға өсті, бұл біз үшін өте маңызды көрсеткіш болып табылады.

«Пандемияға байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан, нарықтарды жаңғырту және индустриялық-инновациялық жобалардың арқасында 2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 45,8 млрд.теңгені құрады», – деп хабарлады ол.

Мысалы, 2020 жылы жалпы инвестиция көлемі 4,4 млрд тг және 113 жұмыс орнын құрумен, инвестиция көлемі 600 млн тг және 600-ге жуық жұмыс орнын құрумен, «Ялян-2» жаңғыртылған базарын құрумен санитарлық-гигиеналық өнім өндіру бойынша «Papirone» ЖШС фабрикасының ашылуы өтті.

«Осы жылы «Рахат кз» базары мен «Алатау» базарының 4 блогын жаңғыртуды аяқтау, сондай-ақ «Керемет» сауда үйінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 3 жоба инвестициясының жалпы сомасы 2,6 млрд.теңгені құрайды, 880 жаңа жұмыс орны ашылады», – деді Гүлнар Көкебаева.

Биылғы жылы жалпы инвестиция сомасы 1,3 млрд тг және 150 жұмыс орнын құрумен «Вираж» автосалонының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Новости партнеров