Биыл Алматыда 16 мың орынды мектеп пайдалануға беріледі

08.12.2021 17:57

2021 жылдың соңына дейін 250 орындық тағы 5 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр

пресс-служба акима Алматы

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлағандай, мегаполисте мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Қазіргі кезде қалада 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 64,2%-ы және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 90,6%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл ретте 1 жастан 6 жасқа дейінгі 41 мыңнан астам бала мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұр.

Осы проблеманы кезең-кезеңімен шешу үшін 2021 жылы 4 658 орындық 72 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 67-де 4 378 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. 

2021 жылдың соңына дейін 250 орындық тағы 5 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр.

Биылғы жылы жеке меншік балабақшаларда орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы да ұлғайтылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс 30 460 орынды 519 жекеменшік балабақшаға орналастырылған. Қалада 360 орынды үш мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. Бұл ретте, екеуі Наурызбай ауданындағы  Ақжар мен Таусамалы шағынаудандарында және біреуі Бостандық ауданында салынуда.Түрксіб ауданында 280 орынды балабақша құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар Әуезов ауданындағы Ақсай-4 шағынауданда 315 орынды балабақша ашу жоспарлануда. Ол жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарылды. Желтоқсан айында балаларды қабылдау жоспарланған.

Орта білім беру саласында қазіргі кезде Алматыда 291 мектеп жұмыс істейді, оның 207-і мемлекеттік. Бұларда барлығы 303 110 оқушы оқиды, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 12 мыңнан астам оқушыға артық. Бүгінде оқушы орындарының тапшылығы – 33 812.

Осы мәселені шешу үшін «қадамдық қолжетімділік» қағидатын ескере отырып, 12 600 орынға арналған 8 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 5 100 орынға арналған 3 мектеп ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

8 263 орынды мектептерде 17 жаңа корпустың құрылысы жалғасуда. Бұл ретте 4 600 орынды 11 корпус бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қалған 6 – 3 663 орын  осы жылдың соңына дейін аяқталады. Жеке инвестициялар есебінен жаңа оқу жылының басында 2 656 орынды 13 жекеменшік мектеп ашылды.

2021 жылдың соңына дейін осы шаралар есебінен 16 019 жаңа оқушы орнын құру және орын тапшылығын 47%-ға төмендету жоспарлануда.