Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

23.03.2022 17:57

987 жол жұмысшысы, 412 арнайы техника, 111 құмшашқыш техника жұмылдырылған

Tengrinews.kz/ Алихан Сариев

23 наурыз күні сағат 02:00-ден бастап Алматы қаласында жауын-шашын басталды. Таңғы сағат 5-тен бастап қар аралас жаңбыр жауа бастады. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қалада 2 см, тау бөктеріндегі аудандарда – 8-10 см, таулы аудандарда – 10-15 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. 376 тонна пайдаланылды.

Коммуналдық қызметтер тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын күшейтілген режимде тазалау үстінде. Қаланың жоғарғы бөлігінде қарды жиналып тазалануда.

987 жол жұмысшысы, 412 арнайы техника, 111 құмшашқыш техника жұмылдырылған. Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, жауын-шашын бүгін күндіз де жалғасады, кей уақытта қатты, негізінен қар түрінде жауады, түнде қалыпты қар жауады. Ауа температурасы күндіз 0-ден 2 градусқа дейін плюс белгісімен, түнде 1-ден 3 градусқа дейін минус белгісімен болады. 24 наурызда күндіз, сондай-ақ 25 және 26 наурызда жауын-шашын күтілмейді.