Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында кептелістер мәселесін шешу және жол инфрақұрылымын жаңарту туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл Алматының 274 көшесінде 64,9 км жаңа жол салынды, жыл соңына қарай 415 көшеде 108 км жол салынады. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен 7 шақырым веложол салу жұмыстары аяқталды.
Жолайрықтарын салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайрығының бойымен көлік қозғалысын ашу жоспарланған.
Биылғы жылдың соңында Абай даңғылы бойынша Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін қозғалыс ашу жоспарлануда. Қазіргі кезде Қарғалы өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы жүргізілуде. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтау, сондай-ақ нысанды пайдалануға беру 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.
Көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін метро желісі тыныш аудандар бағытында ұзартады. 2021 жылы Алматы қаласында Сарыарқа және Б. Момышұлы станцияларымен метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің екінші іске қосу кешенін техникалық іске қосу жоспарланған. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында оларды пайдалануға беру жоспарланып жатыр.