4 аптаға созылады: «Алматы марафон» онлайн режимде өтеді

11.08.2020 18:11

Жарыс 4 аптаға созылатын болды

ашық дереккөз

«Алматы марафон» онлайн режимде өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Инстаграмдағы Almaty Marathon ресми парақшасында VirtualRun тегін онлайн-жүгірудің басталғаны туралы хабарланды.

Жарыс 4 аптаға созылатын болды. Қатысушылар онлайн-жарыс ережелеріне сәйкес орналасқан жері мен жүгіру бағытын өздері таңдайды.

«Бұл бағыт көше, саябақ, саяжай, жеке аулаң тіпті пәтерің болуы мүмкін. Ең басты шарт – белгіленген қашықтықты еңсеру және жексенбі күні кешке дейін нәтижелер шығаруға арналған жеке кабинеттегі өз трекеріңнің скриншотын қосу. Шараға ықылас білдірген кез келген қазақстандық адам қатыса алады. Бірінші аптаның жүлделі ұпайларын жинау үшін бар болғаны 5 км жүгіріп өту керек», – деп хабарлайды ұйымдастырушылар.