|
14.01.2022 | 13:44
2371

Алматылық кәсіпкерлер лаңкестерден зардап шеккендерге қайырымдылық шарасын өткізді

Игі шараны ұйымдастырғандар өзгелерді де қиын-қыстау кезде қайырымдылық шарасына қосылуға шақырды

Алматылық кәсіпкерлер лаңкестерден зардап шеккендерге қайырымдылық шарасын өткізді Almaty.tv

Алматылықтар тағы бір игі шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кәсіпкерлер лаңкестердің шабуылы кезінде зардап шеккендер мен көмекке мұқтаж жандарға ыстық тамақ таратты. Аспаздар мен даяшылардан құралған еріктілер тобы құқық қорғау мекемелері, балалар үйі, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға түскі ас апарып берді.

Сондай-ақ игі шараға мұрындық болғандар кәсіпкерлерді қиын-қыстау кезде қайырымдылық шарасына қосылуға шақырды.  

«5000 адамға тағам тараттық. 50 адам болып жиналып, өзіміз ерікті ретінде елімізге қолдау көрсеткіміз келді. Зейнетақы, жәрдемақы алып үлгермей қалған адамдар көп болды ғой. Соларға, елімізге қолдау көрсетейік деп, өзіміз сондай шешім қабылдап, осы шараны ұйымдастырдық», – деді Esperanza Group директорының орынбасары Айнұр Шырманбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир