Ұлттық ойындар: Қала күніне орай тұрғындар сайысқа қатысты

18.09.2022 18:15

Панфилов көшесінде көрмелер қойылып, сан түрлі шара өтіп жатыр

Almaty.tv

Сүйем сені, Алматы! Осындай атпен Қаланың төл мерекесіне орай бүгін екінші күн қатарынан көше мәдениеті фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Панфилов көшесі. Қабанбай батыр көшесінен басталып арбатқа дейін шатырлар тігіліп, көрмелер қойылып, сан түрлі шара өтіп жатыр. Бұл – кімді болсын құшақ жая қарсы алатын, келіскен келбетімен баурап алатын алып шаһарға арналған күн.  Қазіргі сәтте алаңда да түрлі спорт түрінен жарыс өтіп жатыр. Әсіресе қазақтың ұлттық спорт қолкүрес, асық ату, тоғызқұмалақ ойнауға жұрт жұмыла кірісіп кеткен.

«Тоғызқұмалақ ойнын 1 сыныптан бастап ойнаймын. Бұл ойынның пайдасы математикадан есептерді тез шығаратын болдым. Есте сақтау қабілетім артты. Ой-өрісім дамыды, диктантты тез жазам», – деді Оспанәлі.

Ал арқан тартудан, күрестен, асық ату ойыны қызып жатқан сияқты. Қазір тұрғындар бұқатартыс ойныннан бақ сынап жатыр.

«Қазақстың ұлттық спортын насихатау – мақсатымыз. Арқан тарту ойнына келеді. Дегенмен бұл ойынның ерекшелігі екі адам қатысады. Өзара кұш сынасады», – деді ұйымдастырушы.

Бұл спорттық шарадан бөлек Жалпы фестиваль аясында театрландырылған қойлымдар, интерактивті концерттер, ұйымдастырылып жатыр. Бұл өнер базары қаланың тарихына өрілген. Сонау 40 жылдардан бері қала тарихында болған оқиғалар қамтылады. Тарих – ол өмірбаян, тарих - тағылым. Сондықтан фестивальдің тарихты арқау етуі тегін емес. Осындай шаралар арқылы ұрпақ тарихты танитыны сөзсіз. Мерекені атап өту кешке дейін жалғасады. Алда тағы қызықты бағдараламалар жоспарланған.