Алматы әкімдігінде мектептердегі қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні айтылды

31.08.2020 18:17

Ләззат Жылқыбаева 1 қыркүйектен бастап 1-2 сыныптарға арнап 193 кезекші топ ашылатынын, онда 1977 оқушы оқитынын хабарлады

Фото: Акимат Алматы

Алматы әкімдігінде мектептердегі қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының білім Басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева 1 қыркүйектен бастап 1-2 сыныптарға арнап 193 кезекші топ ашылатынын, онда 1977 оқушы оқитынын хабарлады.

«Қаланың барлық мектептері жеткілікті мөлшерде дезинфекциялаушы құралдармен, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен – тоннелдер, санитайзерлер, аяқ киім сүртуге арналған кілемшелерvty қамтамасыз етілген», –  деді Л. Жылқыбаева.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері мектептерді санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына тексеру жұмыстары жүргізуде. Кезекші сыныптар снитарлық эпидемиолгиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Кезекші топта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көресетіледі).

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларға санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтиды: маскалар, қолды тазалауға арналған антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтар. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндірді. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды мектептің алдыңғы есіктеріне алып әкеледі, ал сабақ аяқталғаннан кейін балаларды мектептің алдыңғы есіктерінен үйге дейін ертіп әкетеді.