Кездесу сағат 9:00-де басталады
30 маусымда сағат 9:00-де Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу Майлин көшесі 42 мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде өтеді.
Бұл - қала әкімінің тұрғындарымен сегізінші кездесуі. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.