Қаладағы жер телімдеріне құрылыс жүргізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғындар көтеріп келген мәселелер аясында Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін хабарлайды.
Бірақ қолданыстағы заңнама мен Мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталып отыр. Осыған байланысты қала әкімі Е.Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда (19 учаске), оның ішінде Самал-3 шағын ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады.