Алматыда су тасқынын алдын алу жұмыстары жалғасуда

Алматыда су тасқынын алдын алу жұмыстары жалғасуда
Жұмысты барлығы 86 адам, 20 техника, 1 сорғы станциясы мен 9 мотопомпа атқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаланың коммуналдық қызметтері өзен арналары мен арық желісін тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Тасқынға қарсы іс-шаралар коммуналдық қызметтердің бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сағат 13:30-дағы жағдай бойынша Алматы қаласында 18 су басу жағдайы тіркелді, оның ішінде 16 аумақта жұмыстар аяқталды. Жұмысты барлығы 86 адам, 20 техника, 1 сорғы станциясы мен 9 мотопомпа атқарды.  Екі аумақта жұмыстар әлі де жалғасуда: Бостандық ауданы,  Бағанашыл ықшамауданы мен Жетісу ауданындағы Кемел ықшамауданы. 

"Казселденқорғау" мәліметіне сәйкес: 

Үлкен Алматы өзені негізгі су деңгейі 201 см, шығын секундына 4,55 куб. 

Кіші Алматы  дамбысындағы су деңгейі 50 см, шығын 5,5 куб/сек. 

Су бөлгіштен Кіші  Алматыға 2 куб/сек дейін бағытталуда.  

Есентай өзеніне 3,5 куб/сек су ағызылуда. Су деңгейі төмендеді, жылдамдық орташа.

Новости партнеров