Алматыда газ толтыру пункттері мен автогаз құю станциялары тексеріліп жатыр

24.12.2021 18:52

Спикер баллондарды АГҚС-та толтыруға тыйым салынғанын, себебі онда салмақтық бақылау жоқ екенін айтты

Алматыда газ толтыру пункттері мен автогаз құю станциялары тексеріліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әділ Қатубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әділ Қатубаев атап өткендей, олардың ведомствосы газ толтыру пункттерін, сұйытылған мұнай газының автогаз құю станцияларын және басқа да көптеген объектілерді пайдаланатын газ желісі ұйымдарының объектілерін газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Спикердің айтуынша, тыйым салынғанына қарамастан, газ құю станцияларының кейбір иелері отынды тұрмыстық баллондарға айдауды жалғастыруда. Мамандар газ жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзушыларды жазаламақшы.

«Наурыз айының басынан бастап біздің қызметкерлер жергілікті полиция қызметімен, ТЖД, тұрғын үй саясаты басқармасымен бірлесіп газ баллондарын пайдаланатын базарларды, СОО, қоғамдық тамақтану орындарын тексеруге қатысты. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тұтынушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары.

Әділ Қатубаев екі қабаттан астам тұрғын үйлердің пәтеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынатынын, сондай-ақ автогаз құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға қатаң тыйым салынғанын еске салды.

Спикер баллондарды АГҚС-та толтыруға тыйым салынғанын, себебі онда салмақтық бақылау жоқ екенін айтты. Баллондар толып кетеді. Ал баллондарды жылы үй-жайға орналастырған кезде газ ұлғаяды, бұл баллондардың жарылуына әкеледі.