Аталмыш жоба көп балалы отбасылар саны басым аудандары мен қаланың халқы тығыз орналасқан мекендері арасында туризмге және қоршаған ортаны қорғауға оң көзқараспен қарау және танымал етуге бағытталған
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Максим Финогенов мегаполистің көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Жас турист» әлеуметтік жобасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv
Аталмыш жоба көп балалы отбасылар саны басым аудандары мен қаланың халқы тығыз орналасқан мекендері арасында туризмге және қоршаған ортаны қорғауға оң көзқараспен қарау және танымал етуге бағытталған.
«Жобаны ең алдымен балаларға арнап жасадық. Онда басты ой ең жас қазақстандықтарға экологиялық туризмді ұйымдастырудың жағымды моделін көрсету, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Мұндай іс - шаралар кемпинг түріндегі ішкі туризмді қала және Алматы облысының тұрғындары арасында дамытуға және тартымды етуге мүмкіндік береді», – деді мәслихат депутаты Максим Финогенов.
Депутаттың айтуынша, жазғы кезеңде жоба еріктілері көп балалы отбасылардан шыққан жиырмаға жуық баланы ата-анасымен бірге Алматы облысындағы «Рыбацкая Усадьба» жеріне апта сайын апаратын болады. Сонымен қатар, кәсіби нұсқаушылар балаларға туризмнің бастапқы дағдыларына үйретеді: өз қолымен балық аулау таяқшасын жасау мен балық аулауды үйрену, от жағу, шатыр қою – осы және басқа да дағдыларға үйретпек.
«Бүгінгі таңда мұқтаж және көп балалы отбасыларға кез келген көмек көрсету, соның ішінде атаулы тікелей немесе жанама әлеуметтік қолдау депутаттар жұмысының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Әрине, бұл бір реттік акция түрінде ғана емес, барынша жасағымыз келеді. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын боламыз», – деді депутат.