Алматының әсем жерлері – фотографтың үздік суреттері

18.09.2022 21:36

Almaty.tv фотографтың көзге түскен ерекше суреттерін назарыңызға ұсынады

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына үңілетін болсақ, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Табиғаты да өте керемет. Әдемі көркімен, жанға жайлы демалыс орындарымен есте қалатын Алматы бүгінде әр адамның жүрегінен  орын тапқан.

Қаланың табиғаты, зәулім үйлері бәрі де бейне бір әсем әуендей. Шаһарымыздың көрікті жерлері мен көз тартарлық табиғатын суретке түсіріп жүрген фотографтар бар.

Соның бірі – ҚазҰУ оқытушысы, журналист, фотограф, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлы. Досжан бір суретті түсіру үшін кейде 3-4 сағат күтуге тура келгенін айтты. Себебі қаланың өзіне тән құбылмалы микро климаты бар


«Алматы жылың 4 мезгілінде өзінің әдемілігімен жан сүйсінтеді. Табиғаты сәт сайын құбылады. Сондықтан ең әдемі сәтті түсіріп алу өте қиын. Картина, көркем сурет жасаймын,  Алматының табиғат құбылыстарын көрсетем десеңіз, біраз күтуге тура келеді. Оған уақыт пен ізденіс керек. Тіпті, бір суретті түсіріп алу үшін 3-4 сағат бір орында тапжылмай тұруды қажет етеді. Өйткені күн мен бұлттың қозғалуы суретке ерекше рең береді. Қаланың өзіне тән құбылмалы микро климаты бар. Дауыл тұрып, жаңбыр жауып, күн ашылып, қайта бұлттанып, ауа райы құбылып жатқанда, фотограф сол сәттерді қалт жібермей, табиғатпен бірге ойнау керек. Сол кездегі суреттер түрленіп шыға келеді», – деді «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлы.

Фотограф Досжан Балабекұлы Almaty.tv оқырмандарын және қала тұрғындарын Қала күні мерекесімен құттықтады.

«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жалпы, Алматы өте әсем, алтын қала», – деді ол.

Алматыны сағынбайтын қазақ жоқ. Өз тағдырын бұл қаламен байланыстырмайтын қазақ кемде-кем шығар. Арман қала туралы көп нәрсе айтуға болады.

 Қала күніне орай  Almaty.tv фотографтың көзге түскен ерекше суреттерін назарыңызға ұсынады. 

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Қала орталығы  Тәуелсіздік монументі

Алматы көгінде ұшқан ұшақ

Түнгі Алматы

Алатау

Қазақ мемлекеттік циркі

Орталық мешіт

ESENTAI мұнарасы

«Көк Төбе» телемұнарасы

Тұманға батқан Медеу мұз айдыны

Таңғы сәт. ESENTAI MALL

Қала көрінісі

ҚазҰУ қалашығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағы

«Қазақстан» қонақүйі