Толық дайындығы 1 қазанға дейін аяқталады
Алматыда жылыту маусымына қызу дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкім Ерболат Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте хабарлағандай, биыл 15 тамызда энергия кешені мен инженерлік желілердің жалпы дайындығы – 75,6%.
Жылумен жабдықтау бойынша дайындық – 75%, электрмен жабдықтауда – 72%, газбен жабдықтауда – 77%, сумен жабдықтау және су бұру бойынша – 80%. Бұл ретте, Алматыда көмір бойынша отын қорымен қамтамасыз ету – 123%.
- Алматы қаласының коммуналдық шаруашылығының алдағы жылыту маусымына толық дайындығы 1 қазанға дейін аяқталады, - деді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Алматыда 4 жаңа су жинағыштың қашан салынатын айтты