Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен мегаполистің IT саласының экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құру, жергілікті мамандардың әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Халықаралық сарапшы Ф. Хатч және IT-кеңесінің өкілдерімен трансұлттық технологиялық компанияларды тарта отырып, Алматының IT саласының экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құру, жергілікті мамандардың әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау мәселелерін талқыладық», – деп жазады әкім.
Халықаралық сарапшы Ф. Хатч және АТ-кеңесінің өкілдерімен трансұлттық технологиялық компанияларды тарта отырып, Алматының АТ саласының экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құру, жергілікті мамандардың әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау мәселелерін талқыладық. pic.twitter.com/7u3IIH6LdB
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) April 22, 2021