Алматы әкімдігінде ШОБ нысандарының шығынын кім бағалайтыны айтылды

16.01.2022 18:40

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров террористік әрекеттер барысында кәсіпкерлерге келтірілген залалды анықтау тетігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкім орынбасарының айтуынша, залалды бағалауды құрамына тәуелсіз бағалаушылар, аудиторлық компаниялар, «Атамекен» ҰКП, құқық қорғау органдары мен қала құрылысын бақылау өкілдері, мәслихат депутаттары кіретін аудандық жұмыс комиссиялары жүргізеді. Аудандық комиссиялардың шешімі залалды өтеу бойынша тиісті төлемдер үшін негіз болады.

«Жақын күндері барлық рәсімдерді регламенттейтін кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу тетігі, оның ішінде залалды өтеу туралы шешім қабылдау тетігі, өңірлік комиссиялар туралы ереже қабылданатын болады. Құжат жобасын «Атамекен» ҰКП әзірлеп, мемлекеттік органдарға жіберді. Барлық нормативтік құжаттар бекітілгеннен кейін InfoKazakhstan - да қолжетімді болады», - деді әкім орынбасары.

Ілияс Өсеров сондай-ақ кәсіпкерлерге келтірілген залалды Алматы қаласының әкімдігі республикалық бюджет қаражатынан өтейтінін хабарлады.

Сондай-ақ зардап шеккен кәсіпкерлерге қала аудандарындағы жауапты лауазымды тұлғалардың нөмірлерін берді:

Алатау ауданы – Белгібаев Олжас Талғатұлы 8 701 7779986

Алмалы ауданы – Хайруллин Ерден Рашидұлы 8 775 5555718

Әуезов ауданы  – Кенеев Ренат Бақдәулетұлы 8 708 6340056

Бостандық ауданы – Садуақасова Жанар Сейітжанқызы  8 701 5019990

Жетісу ауданы – Әкежанов Дамир Нұрсұлтанұлы 8 705 7778130, 8 776 2222870

Медеу ауданы  – Солтанбаев Берік Бекмырзаұлы  8 705 4444060

Наурызбай ауданы – Дандыбаев Бағлан Ерболұлы  8 701 9594439

Түрксіб ауданы  – Лебаев Наиль Мұратжанұлы  8 702 1809007