17 тамыздан бастап Алматыда көптеген кәсіпкерлік субъектілердің жұмысы қайта жанданады

15.08.2020 18:42

Алматыда карантин шараларын кезеңімен алудың жоспары әзірленген

sxodim.com

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша, және эпидемиологиялық жағдайға қарай, Алматыда карантин шараларын кезеңімен алудың жоспары әзірленген деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, 2020 жылдың 17 тамызынан бастап (демалыс күндерінен басқа): СОСО, сауда үйлерін (бутиктер), сауда желілері, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкендер, жабық типтегі азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар (келушілер 30% аспауы тиіс,1 келуші үшін 4 шаршы метр); балаларға арналған түзету кабинеттері, балаларға және ересектерге арналған білім беру орталықтары (топтар – 5 адамнан аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша) кезеңімен іске қосу шешімі қабылданды.

Сонымен бірге, қызмет көрсету саласының нысандары да (демалыс күндерінен қоспағанда): сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет түрлерін көрсететін нысандар; СПА орталықтары (1 келуші үшін 4 шаршы метр, алдын ала жазылу арқылы), фитнес орталықтар (бассейнсіз) (1 келуші үшін 5 шаршы метрге дейін, қуаттылығы 50% аспайтындай, алдын ала жазылу арқылы), моншалар, сауналар (бассейнсіз) (келушілер 50%-дан аспауы керек, 1 келушіге 4 шаршы метр), сондай-ақ, ашық даладағы аттракциондар жұмысқа қайта оралады .

Қызметтерін жаңарту үшін кәсіпкерлерге талап етілетін санитарлық нормалармен танысып, infokazakhstan.kz сайтында міндетті тіркеуден өту қажет. Талаптармен келіскен жағдайда, нысанның дайындығын және жазылған нормаларды сақтауға кепілдік беретінін электронды сандық қолтаңба қою (ЭСҚ) арқылы растау  керек.

Сонымен бірге, аумағы 2000 шаршы метрден асатын ірі сауда нысандарын, сондай-ақ, жабық типтегі  азық-түліктік емес және азық-түліктік базарларды ашу нысанның дайындығын бағалаудан өткеннен кейін және санитарлық нормаларға сай екендігін растайтын актті алғаннан кейін рұқсат етіледі. Нысанның дайындығына бағаны Алматы қ. бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасының, Алматы қ. аудан әкімдіктері және Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасының өкілдерінен құрылған жұмыс комиссиясы береді. 

Жаңа талаптарға сәйкес, infokazakhstan.kz сайтында ақпараттандыру беру бұған дейін рұқсат етілген бизнес нысандарына да қатысты таралады.

Сайтта өтініш 2020 жылдың 15 тамызынан бастап қабылданады.

Қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар) тек ашық далада, отыратын орындар саны 50-дан аспаған болса, ұжымдық шараларды өткізбеу арқылы рұқсат етілген; тапсырысты «сыртқа алып шығу» және тамақты жеткізіп беруге рұқсат етілген.

Сонымен бірге, қалада алдындағыдай: ойын-сауық шараларын, спорттық, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да көпшілік шараларды, сонымен бірге үй жағдайында; конференцияларды, көрмелерді, форумдарды; барлардың, банкет залдарының, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд орындары, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, аттракциондар, фудкорттар, кинотеатрлар және ересектер мен балаларға арналған көңіл көтеру орындары, бабалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары); мәдениет нысандары, мұражайлар, діни нысандар, сонымен бірге, қалалық және қоғамдық жағажайлардың бассейндері, ашық аквапарктердің жұмысына тыйым салынған.

Мегаполисте карантиндік шаралардың бұрынғыдай жалғасатынын назарға ала отырып, негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға қосымша шаралар қабылданды:

- әрбір кәсіпорын қызметкерлерінің 10% тестілеу, ол еңбек ұжымдарының арасында жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.  infokazakhstan.kz сайтында қуаттылығы және қызмет көрсету бағалары көрсетілген 12 медициналық лаборатория тізімі жарияланады. Тестілеумен шамамен ірі жүйеқұрушы кәсіпорындардың шамамен 25 мың қызметкерін қамту жоспарлануда. 

- видеомониторинг – санитарлық нормалардың сақталуы бойынша видеобақылау (маска режимі, әлеуметтік қашықтық, температура режимі). Аталған міндет  аясында Qolday КҚ базасында «Қазақтелеком» АҚ серверлік қуаттылығына қосу арқылы ситуациялық орталық құрылды.  Қазіргі уақытта бизнестің 61 нысаны инспекцияланды, оның ішінде 29-ы видеомониторинг жүйесіне қосылды (қосымша тағы 21 нысанды қосу жоспарлануда).

- қоғамдық бақылау – халықты санитарлық нормалардың жаппай сақталуына тарту мақсатында «СтопХам» қоғамдық жобасының үлгісімен жұмыс топтары құрылады. Аталған топтар санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау үшін зерттеу жүргізеді, сонымен бірге, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Жоғарыда аталған шаралар аясында жағдайға жалпы мониторинг жүргізу үшін жылу картасы құрылады, оның базасында әрбір нысан бойынша баға беру және санитарлық талаптардың сәйкестігіне категория беріледі:

Жасыл – санитарлық нормаларға толығымен сай келу (видеомониторинг жүйесін орнатқан жағдайда және ай сайын қызметкерлердің жалпы санынан 10% тест жүргізу);

Қызғылт сары  – жарым-жартылай сай келуі (видеомониторингалибо жүйесін орнатқан жағдайда қызметкерлердің жалпы санынан кемінде 10% ай сайын тест жүргізу );

Қызыл – санитарлық номаларға сай келмеу  (қоғамдық бақылау зерттеулерін жүргізу нәтижесінде тәртіпбұзушылықтарды анықтау).