Қаламыздың көркеюіне қала тұрғындардың пікірі өте маңызды – кәсіпкер

kurabayeva.zhanar/ instagram
kurabayeva.zhanar/ instagram
Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы Алматы қаласы «Фирма «Тигрохауд» ЖШС бас директоры Жанар Құрабаева пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» жобасымен танысып, сіздерді де талқылауға шақырамын! Қаламыздың көркеюіне қала тұрғындардың пікірі өте маңызды. Дұрыс бағыт болса, осындай ашық түрде көпшілікпен ақылдасып, қабылданған жоспардың нәтижесі қаламыз үшін, тұрғындары үшін оңды болады. Мен өзім шағын және орта бизнес өкілі болған соң, маған әсем қаламызға әрі қарай көрік беру үшін, сондай-ақ «Шексіз қала» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда қаланың жаңа аудандарына қатысты бірқатар өндіріс салаларын, білім орталықтары мен балабақша мекемелерін, сонымен қатар, ірі сауда орталықтарын жоғарыда аталған жоба бойынша 2025 жылға дейін дамытуды қамтылғаны мені қуантады. Себебі қазіргі таңда түрлі қаржылық ұйымдар арқылы Үкімет тарапынан ұсынылатын қаржы портфельдері қарқынды дамып келеді. Қаламыздың әр тұрғыны, тұлға ретінде, қаламызды дамыту үшін, тағы қандай ұсыныс айтар екен, маған сіздердің пікірлеріңіз өте маңызды және шілденің 4-іне дейін ұсыныстар қабылдау жалғасады. Ал мен өз тарапымнан сіздердің ұсыныстарыңызды тиісті мекемеге жолдаймын», – деді ол.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.


Новости партнеров