Халыққа қызмет көрсету объектілері бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салуға арналған жобалау алдындағы құжаттама кері қайтарып алынды
Алматыдағы Жандосов к-сі, 94, 94/16, 94/8; Кекілбайұлы к-сі, 6; 20-линия к-сі, 39 мекенжайы бойынша жер учаскесін салу жобасы («Жеміс консерві комбинаты» деп аталатын аумақ) тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Халыққа қызмет көрсету объектілері бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салуға арналған жобалау алдындағы құжаттама кері қайтарып алынды.
Басқарманың ұсынысы бойынша құрылыс салушы құрылыс тығыздығын, қалалық инженерлік желілерге түсетін жүктемені ескере отырып, жаңа эскиздік жобаны әзірлейді және ұсынады. Құжат жобасы барлық қажетті процедуралардан, соның ішінде қоғамдық талқылаудан өтеді.
Бұдан басқа құрылыс салушы эскиздік жобада әлеуметтік объектілердің, оның ішінде жалпы білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру объектілерінің болуын көздеуі қажет. Осылайша аталған Алматы ауданындағы құрылысқа жол берілмейді.