Жеңілдетілген несиені шағын өнеркәсіптік парк құрылысын салу ниеті бар компаниялар пайдалана алады
"Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту" Бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Өнеркәсіптік ипотека" жаңа несие өнімі енгізілетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жеңілдетілген несиені шағын өнеркәсіптік парк құрылысын салу ниеті бар компаниялармен қатар, өндіріс алаңдарын сатып алу ниеті бар кәсіпкерлер де пайдалана алады. Өнеркәсіптік ипотека қарызды қамтамасыз ету ретінде өнеркәсіптегі сатып алынған алаңдарды пайдалануға мүмкіндік береді, бұл кәсіпкерлерге жүктелген кепілдік жүктемені айтарлықтай төмендетеді.
Қазіргі уақытта, шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту Алматы Индустриалды аймағында және өнеркәсіптік базалардың тоқтап тұрған, тиімсіз пайдаланып отырған аумағында белсенді түрде іске асырылуда.
Мұндай алаңдар барлық қажетті техникалық жағдайлармен және коммуникациялармен қамтамасыз етілген. Шағын өнеркәсіптік паркте орналасу артықшылығының арасында кейіннен сатып ала отырып, үй-жайды жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні, Алматыда үй-жайдың жалпы алаңы 26,5 мың шаршы метрді құрайтын 8 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді, салынған жеке инвестиция сомасы 2,2 млрд. теңгені құрайды, 669 жаңа жұмыс орындары құрылған. Қазіргі сәтте, міне, 1 700-ден астам жұмыс орны құрыла отырып, жалпы алаңы 66,3 мың шаршы метрді құрайтын 11 шағын өнеркәсіптік парктің құрылысы жүргізілуде, инвестиция сомасы 8,85 млрд. теңгені құрайды. Өнеркәсіптік паркте орналастыруға арналған күту тізімінде қазір, міне 106 мың шаршы метрді қажет етеін 180 компания бар.
2030 жылға дейін Алматы қаласында алаңын 1 млн шаршы метрге дейін арттыра отырып және 1 000-ға жуық өндірісті орналастыра отырып, 100-ден астам жаңа шағын өнеркәсіптік парк құрылысын салу жоспарланып отыр. Жеке инвестиция 300 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын болады, бұл 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.