Мұнда замануи тылдық және техникалық қамтамасыз ету бейіні бойынша оқыту бағдарламасы қабылданды
Алматы әскери-техникалық мектебінде білім алатын мамандықтар тізімі толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұнда замануи тылдық және техникалық қамтамасыз ету бейіні бойынша оқыту бағдарламасы қабылданды. Мектепке түсу кезінде жас жауынгер курсы аясында балалар тактикалық, физикалық және атыс дайындығынан өтеді. Олар автоматты бөлшектеуді және жинауды, атуды үйренеді.
«Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңның 12-бабына сәйкес әскери-техникалық мектептерде мамандарды дайындау екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі – ол ақылы түрде. Оған 24 жасқа толған азаматтар қатыса алады. Екінші бағыт бойынша әскери-техникалық мамандар даярланады. Алғашқы бағытта 24 жасқа толған азаматтар жергілікті әскери басқару органдары арқылы іріктеліп, әскери-техникалық мектептерде взводқа бөлініп, әр түрлі мамандық бойынша дайындықтан өтеді», – деді Алматы әскери-техникалық мектеп директорының орынбасары Амантай Үсербаев.
Естеріңізге сала кетейік, әскери-техникалық мектепте оқу – азаматтарды әскери даярлаудың балама нұсқасы. Әр түрлі себептермен 18 жасында мерзімді әскери қызметке шақырылмаған азамат, 24 жастан бастап оқуға және әскери билет алуға мүмкіндігі бар.