20 шілдеде Алматы қаласында қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы және «AMANAT» пен «Қазақстан Халық партиясы» партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді.
Келесі депутаттарға жаңа мандат берілді:
Сапалық құрамы бойынша ғылым мен білім саласы өкілдерінің саны екі есе өсіп, 20% құрады, БАҚ және ҮЕҰ - 21% дейін өсті. Сонымен қатар, Мәслихаттың жаңа депутаттары екі көп балалы ана болды.
Партиялық тізімдер бойынша сайлау жүйесі алмастыруды көздейді. Бұл процедура әлемнің дамыған елдерінде іс жүзінде кеңінен қолданылады және меритократия мен партияішілік бірлік қағидаттарын іске асырудың жарқын мысалы болып табылады. Осы принциптер партиялардың резервтік тізімдеріндегі басқа мүшелеріне өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Алмастыру мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес М.А. Әділхановты, Л.Е. Ибрагимованы, Е.З. Талбидиновты, Қ.Қ. Сәрсенбайды, А.А. Жүдебаевты, М.М. Зулеевті, Р.Ч. Бөлекбаеваны, Ә. Құрманбекті партиялық резервке қосу есебінен болды. Сондай-ақ партиялар тарапынан өз құрамынан келесі мүшелер шығарылды: Қ.Қ. Құдайберген «AMANAT» партиясынан, А.Б. Абылқасымова Қазақстан Халық партиясынан және А.Т. Шапенов Қазақстан Халық партиясынан (өз қалауы бойынша).
«AMANAT» партиясының қалалық филиалының партиялық резервінде 50-ге жуық адам, Қазақстан Халық партиясы қалалық филиалының партиялық тізімінде 10-нан астам партия мүшесі бар.