Алматы қаласы мәслихатының құрамы өзгерді

20.07.2022 18:51

Депутаттарға жаңа мандат берілді

20 шілдеде Алматы қаласында қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы және «AMANAT» пен «Қазақстан Халық партиясы» партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді.

Келесі депутаттарға жаңа мандат берілді:


  • Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Тайтөлеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы – Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Жандай Сана Шайханқызы – «ADANAZ» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы – «Жан-М» ЖШС Бас директоры, Қазақстанның көгалдағы хоккей Федерациясының вице-президенті, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Қарағұлов Ерұлан Серікұлы – «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Котенев Артур Эдуардович – «AlmatyEngineering» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Шамова Арайлым Мәтжанқызы – «№201 мектеп-гимназия» КММ директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Ерлан Диана Ерланқызы - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Рамазан Бекбол Батыржанұлы – Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол академиясының проректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • Сұлтанғалиев Тамерлан Мэлсұлы – «Қазақстан Халық партиясы» Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.
  • Мұхамедғалиев Талғат Аблайұлы – «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау одағы» РҚБ Алматы филиалының басшысы, «Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.


Сапалық құрамы бойынша ғылым мен білім саласы өкілдерінің саны екі есе өсіп, 20% құрады, БАҚ және ҮЕҰ - 21% дейін өсті. Сонымен қатар, Мәслихаттың жаңа депутаттары екі көп балалы ана болды.

Партиялық тізімдер бойынша сайлау жүйесі алмастыруды көздейді. Бұл процедура әлемнің дамыған елдерінде іс жүзінде кеңінен қолданылады және меритократия мен партияішілік бірлік қағидаттарын іске асырудың жарқын мысалы болып табылады. Осы принциптер партиялардың резервтік тізімдеріндегі басқа мүшелеріне өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Алмастыру мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес М.А. Әділхановты, Л.Е. Ибрагимованы, Е.З. Талбидиновты, Қ.Қ. Сәрсенбайды, А.А. Жүдебаевты, М.М. Зулеевті, Р.Ч. Бөлекбаеваны, Ә. Құрманбекті партиялық резервке қосу есебінен болды. Сондай-ақ партиялар тарапынан өз құрамынан келесі мүшелер шығарылды: Қ.Қ. Құдайберген «AMANAT» партиясынан, А.Б. Абылқасымова Қазақстан Халық партиясынан және А.Т. Шапенов Қазақстан Халық партиясынан (өз қалауы бойынша).

«AMANAT» партиясының қалалық филиалының партиялық резервінде 50-ге жуық адам, Қазақстан Халық партиясы қалалық филиалының партиялық тізімінде 10-нан астам партия мүшесі бар.