Алматы әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында қала мұғалімдерін тағы бір мәрте кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға зор алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһар басшысы биылғы «Жыл мұғалімі» байқауының қорытындысы шыққанына тоқталып, жеңімпаз болған ұстаздарды айрықша атап өтті.
«Бас жүлдені қанжығасына байлаған №133 мектептің оқытушысы Мақпал Чукееваға «Алмасити-2» ТК-ден 2 бөлмелі пәтердің кілті, ал 1 орынға ие болған №140 мектеп-гимназиясының оқытушысы Дәурен Сағынғалиевке темір тұлпардың кілті табысталды. Қалған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар мен гранттарға ие болды», - деді Бақытжан Сағынтаев
Алматы әкімі сондай-ақ қалалық білім жүйесінің бұдан ары да жаңартылып отыратынын, ал жас мұғалімдерге қолдау көрсету ісі жалғасын табатынын айтты.
«Өз ісін жақсы көріп, жауапкершілікпен атқарып жүрген шаһардағы барлық ұлағатты ұстаздарға мың тағзым. Біз қалалық білім беру жүйесін жаңғыртып, дамытуды, жас мұғалімдерге қолдау көрсетуді жалғастыра бермекпіз. Сондай-ақ білім беру ісінің ардагерлеріне көп жылғы жемісті еңбектері мен қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып жүргендері үшін алғыс айтамын. Барша ұстаздар қауымына денсаулық, шәкірттерінің биік жетістіктерден көрінуін тілеймін!», - деді Б. Сағынтаев.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)2 Окт 2020 в 7:58 PDT