Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан аналар 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алған
Алматыда Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Көпбалалы аналарды қолдау үшін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасын аштық. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі», – деп жазады әкім.
Сонымен қатар, Алматыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашқан.
«Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашып, бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алды. Бүгінде олар тігін мен тоқыма бұйымдарын, ұлттық киім мен әшекейлерді, ыдыс-аяқтар және басқа да тауарларды шығарады. Бұл өнімдерін олар Түрксіб ауданында меценаттардың қолдауымен ашылған «Іскер ана» арнайы дүкенінде сата алады», – деді Сағынтаев.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)14 Сен 2020 в 2:34 PDT