Шұғыла және Төле би: Алматыдағы екі метро бекеті осылай аталуы мүмкін

gov.kz, Almaty.tv.
gov.kz, Almaty.tv.
Мұны қалалық мәслихаттың VI сессиясында тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ашылатын екі жаңа метро бекеті «Шұғыла» және «Төле би» деп аталуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұны қалалық мәслихаттың VI сессиясында тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет мәлімдеді. Оның айтуынша, метро бекетінің құрылысының жобасына техникалық-экономикалық әзірлеу үшін жаңа бекеттерге атау беру қажеттілігі туындап отыр.

«Наурызбай ауданындағы Шұғыла ш/а Алатау даңғылының бойындағы №1 бекет ономастикалық тәжірибеге сүйене отырып, жолаушылардың бағдар алуына ыңғайлы болу үшін «Шұғыла» деп атау ұсынылып отыр. Ал Алатау даңғылымен ұзартылатын Төле би көшесінің қиылысында болатын №2 бекетке «Төле би» атауын беру ұсынылып отыр», - деді ол.

Қалымбеттің уәжінше, бұл ұсынысты Алматы қаласы ономастика комиссиясы құптаған. Қала басшылығы тарапынан да қолдау тапқан. Енді бұл ұсыныс Алматы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімімен ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Ол комиссия келісім берсе, Алматы әкімдігінің қаулысымен шешім қабылданады.

Новости партнеров