Осы ретте Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарына баса назар аударылатын болады
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қар тазалау мен су тасқынына дайындық жұмыстары қала әкімінің жеке бақылауында екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылып, су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстарын бастап кеткендігін атап өтті. Сәйкес тапсырманы қала әкімі Бакытжан Сағынтаев берді.
Сондай-ақ күн жылығаннан кейін қаланың арық жүйесі іске қосылатын болады.
«Қаланың суландыру жүйесі толыққанды жұмыс істеп тұр. Барлық қажетті материал мен техника әзірленді», – деді Қожағапанов.
Осы ретте Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарына баса назар аударылатын болады.