Бұл туралы Б.Сағынтаев өзінің Twitter парақшасында жазды
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев EUROBAK мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі. Бұл туралы ол өзінің twitter.com парақшасында жазды.
«EUROBAK мүшелерімен қала экономикасын қалпына келтіру, медицина мен фармацевтика, көлік пен логистика, құрылыс индустриясы және сауданы жаңғырту, цифрландыру, экология және креативті экономика сияқты секторларды дамыту үшін инвесторлармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық»,– деді қала әкімі.