Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды
Алматы әкімі Б. Сағынтаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д'Авиномен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Кездесу барысында Алматы мен Италияның өңірлері арасында көлік, құрылыс пен сәулет, инвестиция, туризм мен мәдениет салаларында ынтымақтастықты, серіктестікті нығайту мәселелері талқыланған.
«Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д'Авиномен Алматы мен Италияның өңірлері арасында көлік, құрылыс пен сәулет, инвестиция, туризм мен мәдениет салаларында ынтымақтастықты дамытып, серіктестікті нығайту мәселелерін талқыладық», – деп жазады Б. Сағынтаев.
Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д'Авиномен Алматы мен Италияның өңірлері арасында көлік, құрылыс пен сәулет, инвестиция, туризм мен мәдениет салаларында ынтымақтастықты дамытып, серіктестікті нығайту мәселелерін талқыладық. pic.twitter.com/e8OSFvAcm4
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) November 3, 2020