Наурызбай ауданында шартты түрде сотталғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Almaty.tv
Есепте тұрған 30 азамат тұрғылықты аумағы мен балалар алаңын қардан тазартты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Наурызбай ауданы әкімдігі мұндағы пробация қызметімен бірлесіп, шартты түрде сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көше тазалығына есепте тұрған 30 азамат жұмылдырылып, өздерінің тұрғылықты аумағы мен балалар алаңын қардан тазартты. Мамандар мұндай шараларды алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.
«Осы соңғы 3 күн ішінде Алматыда біраз қар жауды. Соған байланысты осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Мына жақта қатысып жатқан азаматтардың көпшілігі сот үкімімен қамауға емес, жазасы тағайындалған азаматтар жүр бұл жерде», - деді Наурызбай аудандық прокуратурасының бөлім басшысы Әділ Қарымсақов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06