Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шелідеді: қала әкімі жауап берді

 Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шелідеді: қала әкімі жауап берді
«Думан» ықшамауданында 18,5 шақырым сумен жабдықтау және 26 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде тұрғындары бірнеше мәрте көмек сұраған Медеу ауданының түйткілді учаскелерінде болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, «Думан» ықшамауданында 18,5 шақырым сумен жабдықтау және 26 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталуда. Қоғамдық көлік бағыттары өтетін 6 көшеде – Хан Тәңірі, Қазығұрт, Қарқаралы, Ақмешіт, Борабай, Болашақта 3,7 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлағандай, бұл жұмысты қараша айында аяқтау жопарланған.

«Келесі жылы қалған 53 көшенің жолдарын жөндейміз. Сондай-ақ, «Мұзтау» ықшамауданында инженерлік желілерді салуға байланысты қазылған жол жабынын тез арада қалпына келтіруді тапсырдым. Бутаковка шатқалына апаратын жолдың ұзындығы 4,6 шақырым. Бұл жол туристік бағыттардың қатарына кіреді», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Тағы бір мәселенің шешімі жауын-шашын салдарынан көшкіннің жүруі ықтимал «Компот» деп аталатын массивтің тұрғындарын қорғауға мүмкіндік берді. Көккинаки көшесіндегі қауіпті аймақта 42 үй болған. Биыл жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 350 шақырым болатын беткейлерді нығайту жоспарланған. Алмалық көшесі бойындағы еңісті нығайтып, арық жүйесін орнату жұмыстары аяқталды, мұндағы қауіпті аймақта 60 үй болды.

Еске салсақ, бұрындары тау бөктерінің тұрғындары көшкін қаупінен қорқып, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтан көмек сұраған еді. Оның тапсырмасы бойынша, қаражат бөлінді және беткейлерді нығайтуға мүмкіндік беретін габион құрылымдарының құрылысы жүзеге асты. Сонымен қатар, жаңбыр суын ағызатын арықтар жасалуда.

Новости партнеров