Шымбұлақ екі аптаға жабылды

28.03.2021 в 19:03

Шешім Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігерінің 27 наурыздағы қаулысына сәйкес қабылданды

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты 29 наурыз бен 12 сәуір аралығында өз қызметін тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шешім Шымбұлақтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Құрметті Шымбұлақ тау курортының қонақтары! Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 наурыздағы қаулысына сәйкес, Шымбұлақ ТК өз қызметін 29 наурыздан 12 сәуірге дейін тоқтатады» - делінген жазбада.