Алматыда «Gakku Дауысы» музыкалық фестивалі өтті

18.09.2022 в 19:04

Фестивальге танымал топтар мен әншілер қатысты

Алматының туған күніне орай жастарды жинаған ауқымды музыкалық фестивальдердің бірі – «Gakku Дауысы». Мерекелік шараны ұйымдастыруға қала әкімдігі қолдау білдірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәстүрлі түрде өтетін концерт былтыр карантинге байланысты кейінге шегерілген. Ал биыл ән тыңдап, би билегісі келген халықта есеп жоқ. Ашық аспан астында өткен фестивальге танымал топтар мен әншілер қатысып, өнерін паш етті.

БЛИЦ:

–  Алматы қаласын туған күнімен құттықтаймын. Осылай қаламыз әрқашан өсіп-өніп, адамдарымыз көбейе берсін! Барлығымыз бақытты болайық!

–  Ауа-райы ұнайды. Өзіміз Шымкенттің тумасы болсақ та, 15 жыл осы жақта тұрып жатқанымызға. Студент болып келдік арман қуалап. Қазір қала қатты ұнаған соң, осы жақтың тұрғынымыз.

– Былай көп болыпты концертке шықпағалы. Мына соншама қаншама халықтар көңіл көтеріп, көңіл-күйіміз жақсы.