Наурызнаманың Ынтымақ күнінде Алматыдағы Абай алаңы нағыз той думанның қызған ортасына айналды. Жаңа жыл халықаралық деңгейде тойланып, көктемнің бас мейрамы ерекше көңіл сыйлауда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абай алаңында қаладағы негізгі іс-шараның бірі өтуде. Оны дүркіретіп тойлауға жауын да кедергі болмады.
Жиналған жұрт көп. Алаңдағы Наурыз мейрамына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Наурыз - бұл халықаралық деңгейдегі мейрам. Оны бізден бөлек, Албания, Ауғанстан, Иран, Пәкістан және жалпы Орта Азия елдері атап өтеді. Бүгін де соған куә болып отырмыз. Мұнда осы мейрамды тойлайтын әр ұлттың шатыры құрылып, көрмесі де ұйымдастарылған. Алаңда ұлттық құндылық, достық пен ынтымақ дәріптеліп, кең насихатталды. Мерекелік бағдарламада айтыс, түрлі дәстүр көрсетілді. Мейрам кешке де жалғасын табатынын айта кеткен жөн.
Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады