Бейнебақылау жүйесінің көмегімен Алматыда жыл басынан бері үш мыңнан астам қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, Алматы қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу, қоғамдық орындарда, метрода, қала жолдарында, түзету мекемелерінің жанында және т.б. орнатылған бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері қолданылады.
Қаланың түрлі нысандарында екі мыңға жуық бейнекамера, Универсиада – 2017 нысандарында – 1 мың 173 бейнекамера орнатылды. Сонымен қатар, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жобасы бойынша 105 пост, оның ішінде 694 бейнекамера пайдалануға берілді.
Білім беру нысандарында 3962 бейнебақылау камералары орнатылды. «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерге 33 454, жеке сектор көшелерінің қиылысында 4210, жеке тұрғын үйлердің аулаларында 33 014 бейнекамералар орнатылған. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысандарындағы 6 мың 766 нысанда 43 мың 847 бейнекамералар орнатылды.