Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтарында 15 мың адам тұрақты қолдау алды

15.12.2020 в 19:09

Орталықтың мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың өмір сапасын арттыру, олардың экономикалық дербестігін нығайту және Алматы қаласында тұратын азаматтардың қиын өмірлік жағдайлардан шығуларына жеке мотивация беру

«Бақытты отбасы» қалалық орталығының жетекшісі Зүлфия Байсақова және Наурызбай ауданы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Сана Жандай Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында орталық қызметінің қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталықтың мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың өмір сапасын арттыру, олардың экономикалық дербестігін нығайту және Алматы қаласында тұратын азаматтардың қиын өмірлік жағдайлардан шығуларына жеке мотивация беру.

«15 мыңнан астам адам (а. ж. мәліметтері) тұрақты қолдау алады, жағдай  қаржылық мүмкіндіктері әртүрлі әйелдер мен отбасылардың жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Біз күн сайын ақпаратты қарап, атаулы әлеуметтік көмек тағайындайтын Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жіберіп отырамыз. Атаулы әлеуметтік көмекті өмірлік қиын жағдайға тап болған және осы бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін кез келген отбасы ала алады», — деп атап өтті З. Байсакова.

Қолдау шаралары қала тұрғындарына жұмысқа орналасу немесе өз ісін ашу арқылы мұқтаждар санатынан тез арада шығуға жәрдемдесуге бағытталған.

Орталықтарда әртүрлі форматты көмек көрсетіледі. Бүгінде Алматы орталықтарында 33 мыңнан астам адам тіркелген. Барлық көмек 54 мың адамға көрсетілді — бұл ақпараттық-консультациялық, ресурстық қолдау, 29 мыңнан астам — әдістемелік және заң көмегі, 4 мыңнан астам адам ана мен балаға арналған салауатты өмір салты кабинетінің жұмысымен қамтамасыз етілді. Орталықтың негізгі тренингтерінен 29 мың адам өтті, оқыту курстарынан 20 мыңнан астам адам өтті.

Аталған орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тегін кеңес ала алады:

• Тұрғын үй қатынастары, АӘК рәсімдеу, құжаттарды, алименттерді қалпына келтіру және т. б. мәселелер бойынша заңгерлерден;

• Бала тәрбиесі мәселесі, тренингтер өткізу, өмірлік қиын жағдайлардан шығу, отбасы ішіндегі ұрыс-керістер және т. б. бойынша психологтардың кеңесі,

• Отбасы талабын анықтау және жұмыстың жеке жоспарын құру бойынша әлеуметтік қызметкердің;

• 2 айлық баладан бастап, 5 жасқа дейінгі балаларды қабылдап, балалардың денсаулығына байланысты жиі кездесетін проблемаларға (диарея, безгек, құлақ және тамаққа қатысты қиындықтар және т. б.) байланысты алдын алу әңгімелесулер жүргізетін жоғары санатты педаиатрдың

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» орталықтарында ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз ісі, пішу және тігу, гимнастика, аспаздық, тоқу, сөмкелер тігу, компьютерлік курстар, сондай-ақ арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын тілі, тоқу, логопед курстары  өтеді.

Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылар онлайн немесе телефон арқылы заңгер, психолог, үйлестіруші және HR-менеджерлерден кеңес ала алады. Аналар мен балаларға арналған мастер-класстар, оқыту курстары WhatsApp мессенджерлерінде және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы онлайн өткізіледі.