Халықтың әлеуметтік осал тобына көктемде 2000 пәтер беріледі

18.01.2024 19:11

Бұл туралы Алматы әкімі айтты

Almaty TV

Халықтың әлеуметтік осал тобына 2000 пәтерді 2024 жылдың көктемінде беру жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғынының сұрағына жауап бергенде айтты.

- Біз халықтың осал тобы санатына (ХСТС) пәтер сатып алдық. Баспананы өзім барып көрдім, таныстым. Пәтерлерді қабылдау рәсімінен кейін мамыр айының соңына дейін кезекте тұрғандарға кілт беруге тырысамыз. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы бекітілген тізімді тағы бір қарап шығады. Жақын арада кезекте тұрғандар көптен күткен қоныс тойын атап өтеді деп үміттенемін, - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт мектеп салынады