Бүгіннен бастап елімізде біраз карантиндік шектеулер өз күшін жойды
Бүгіннен бастап елімізде біраз карантиндік шектеулер өз күшін жойды. Тиісінше, жұмысын қайта жандандыратын кәсіпкерлік нысандар тізімі бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар: Ірі сауда орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар және сұлулық салондары, шаштараздар, спа-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар. Сондай-ақ, бассейндері жоқ фитнес орталықтары, қауызы жоқ моншалар мен сауналар. Одан бөлек, балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектер білім беру орталықтары, онымен қоса, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары мен
ашық ауадағы аттракциондар жұмысын бастады.
ГРАФИКА:
– ірі сауда орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар (ғимараттағы адамдар саны 30% - дан аспау керек, 1 келушіге 4 шаршы метр);
– сұлулық салондары, шаштараздар, спа-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (1 келушіге төрт шаршы метр, алдын ала жазылу бойынша);
– бассейндері жоқ фитнес орталықтары (50%-дан артық жиналуға болмайды, келушіге бес шаршы метр), қауыздары жоқ моншалар мен сауналар (50% толтыру, келушіге төрт шаршы метр);
– балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектер білім беру орталықтары (топтарда бес адамнан артық емес);
– мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);
– ашық ауадағы аттракциондар (арақашықтық пен бетперде таққан жағдайда)
«Халықтың қозғалысы бойынша, көшелерде 3 адамнан артық топтасып жүрмеуі керек. Саябақтардағы, скверлер және жағалауларға бару 3 адамнан артық емес. Жай күндері объектілер таңғы сағат 09.00-ден, 22:00-ге дейін жұмыс жасайды. Ал, демалыс күндері, мейрам күндері бұл мәселе таңғы сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін өзгеріп жатыр», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.