Мегаполистегі екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі

rv-ryazan.ru
rv-ryazan.ru
Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфальт бетон жабынын төсеуге байланысты 2 шілде сағат 23:00-ден 4 шілде 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы Асқаров, Торайғыров,  Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар 3 шілде сағат 23:00-ден 5 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерімен ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Новости партнеров