|
15.01.2024 | 20:25
6183

Алматыда жастарға арналған 8 комьюнити орталығы ашылды

Әрбір комьюнити орталық креативті қоғамдық кеңістікті құрайды

Алматыда жастарға арналған 8 комьюнити орталығы ашылды пресс-служба акимата Алматы

Алматының 8 ауданында жастарға арналған комьюнити орталықтар ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жастардың жан-жақты дамып, қоғамда өз орнын табуға септесетін жобаның елімізде баламасы жоқ. Жылына 800 мыңнан астам жасқа қызмет көрсетуді мақсат тұтқан алаң шығармашылық бастамаларды дамыту мен идея алмасуды көздейді.

Мегаполистің 8 ауданынан ашылған комьюнити-орталықтар 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға қызмет көрстеді. Аталған алаңдардың негізгі көздегені – жұмыссыз жүрген NEET санатындағы жастарға қолдау білдіру және өскелең ұрпақты мектеп бағдарламасынан бөлек, қосымша дағдыларды меңгеруге баулу. Мұнда олар мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес алып, психологиялық және заңгерлік көмек түріне жүгіне алады. Сондай-ақ қаржылық сауаттылық, көлік жүргізу, тіл үйрену сынды үйімелер де ұйымдастырылған. Бастысы - барлығы тегін.

– Қала бойынша оның ішінде ауданда да ашылып жатқан орталықтардың жастарға берері көп екеніне сенімдімін. Бұл орын олардың барлық сұрақтарына жауап бере алатын ақпарат орталығы болады. Өз ісін ашқысы келетін немесе шығармашылығын дамытқысы келетін жастар да осында келіп, білікті мамандармен кездесе алады, – деді Жетісу ауданының әкімі Гүлнәр Көкебаева.

8 комьюнити-орталықтарының көрсететін қызмет түрлері ортақ. Бір алаңның өзінде кем дегенде 100-150 адам бір сәтте түрлі көмек түрін ала алады. Тіркелген келушілер үшін спортты-мәдени орындарға, оқыту мен шеберлік дәрістеріне жеңілдіктер беретін кешенді дисконттық карталар қарастырылған. Бұдан бөлек, қысқа мерзімді оқыту курстары аясында жаңа мамандықты үйренуге мүмкіндік бар.

– Курс бағытына байланысты 1,5 айға дейін созылады. Ол жақында тұрып жатқан жастарға, тұрғындарға өте ыңғайлы, қолайлы болмақ, – деді мансап орталығының жетекшісі Асқар Азаматұлы.

– Негізгі комьюнити-орталықтар білім беру, жұмысқа орналастыру және жеке адамның дамуы  сынды 3 бағытта жұмыс істейді. Өзге балалардың жетістігін көрген жастарда қызығушылық оянады деген үміттеміз, – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Айта кетейік, сондай-ақ «Jas Almaty» онлайн-платформасында курстарға тіркеліп, жұмыс іздеуге болады. Мегаполисте 700 мыңға жуық жас болса, оның 7 пайыздан астамы NEET санатына жатады. Орталық пен жаңа іске қосылған бағдарламалардың көмегімен аталған көрсеткішті төмендету көзделген. 2025 жылға қарай осындай тегін қызмет көрсететін комьюнити орталықтың санын 2 есе арттыру жоспарланып отыр.

Бұл жұмыс қазірдің өзінде алғашқы нәтижелерін берді. Егер 2023 жылдың басында NEET жастардың үлесі 8,3%  құраса, қазір бұл көрсеткіш 1% - ға төмендеді.

Айта кету керек, 2025 жылдың соңына дейін қаламызда тағы 8 комьюнити орталық ашу жоспарланған.

Комьюнити-орталықтардың қызметтері:

  •  қысқа мерзімді курстар арқылы өзекті мамандықтарға оқыту;
  •  жұмысқа орналастыру;
  •  әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру;
  •  психологиялық және заңгерлік көмек;
  •  кәсіби бағдар беру;
  •  қазақ тілін үйрену курсы;
  •  қаржылық сауаттылық;
  •  мәдени іс-шаралар өткізу;
  •  би залы;
  •  дауыс жазу студиясы;
  •  Тик-ток аймағы.

Комьюнити-орталықтардың мекенжайы:

Әуезов ауданы – Мамыр-1 ы/а, 26/1;

Алатау ауданы – Саялы ы/а, 71;

Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, 36;

Алмалы ауданы – Байтұрсынов көшесі, 22/1;

Түрксіб ауданы – Жас Қанат ы/а, 1/49;

Бостандық ауданы – Абай даңғылы, 164 «Терракота» ТК;

Жетісу ауданы – Боткин көшесі, 20;

Наурызбай ауданы – Шұғыла ы/а, 343/7.

Комьюнити-орталықтардың байланыс телефондары:

1. Алатау ауданы: +7 707 168 1028;

2. Алмалы ауданы: +7 777 122 8901;

3. Әуезов ауданы: +7 707 556 7861;

4. Бостандық ауданы: +7 775 583 8015;

5. Жетісу ауданы: +7 708 334 4539;

6. Түрксіб ауданы: +7 708 390 1363;

7. Наурызбай ауданы: +7 707 663 6949;

8. Медеу ауданы: +7 707 571 7104.

Комьюнити-орталықтардың жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – жексенбі, демалыссыз

Уақыты: 10.00-ден 19.00-ге дейін.

Жансая Олжабек, Әлішер Ерғалиұлы, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир