Бұл технология мәтін түріндегі ақпаратты қолжетімді форматқа ауыстырып өңдейді
А.П.Чехов атындағы орталық, Alatau Creative Hub, Қазақстан Жазушылары кітапханасы және №4 филиал сынды қала кітапханалардың төрт филиалында зағип және көзі нашар көретін оқырмандар үшін мамандандырылған оқуға арналған орындар құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұнда осы санаттағы азаматтардың білім алуына, оқуына толықтай қолжетімді бірегей техникалық жабдықтар бар.
Бұл технология мәтін түріндегі ақпаратты қолжетімді форматқа ауыстырып, өңдейді, ол зағип және көру қабілеті нашар пайдаланушылардың мәтінмен танысуына, сонымен қатар, мәтін бойынша іздеуге мүмкіндік береді. Оқу машиналары құжаттағы, кітаптағы және журналдағы мәтінді сканерлеп, жоғары дәлдікпен әрі анық аудиоформат түрінде бере алады.
Мәтін бойынша іздеу пайдаланушыларға мәтінді жылжытуға, бөлім мен параққа ауысуға көмектеседі, оқу және зерттеу үдерісін ыңғайлы әрі тиімді етеді. Келесі жылы кітапханаларды осындай құрылғылармен жабдықтауды жалғастыру жоспарланып отыр.