Кездесу уақыты: сағат 09:00
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
Еске салсақ, Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу Томирис шағынауданы, Центральная көшесі 126/1 мекенжайындағы №205 жалпы білім беретін мектепте өтеді.
Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS