«Технодом» сауда үйінің жарнама роликтері арқылы танымал Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актері, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Бақыт Тушаев үшін бүгінгі күні мерекеге тең. Актердің әр сөзінен ару Алматыға деген махаббаты сезіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматының тазалығы адамның өзінің тазалығы деп ойлаймын. Адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы қоршаған ортаға да әсер етеді. Сол себепті алматылықтарға қаламызды таза ұстайық дегім келеді. Табиғатты мейлінше аялайық. Табиғатты аялай білген адам, әрбір дүниесін аялай біледі», – деді Бақыт Баум тоғайында.
Айта кетейік, бүгін Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған Almaty Clean & Green экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл игі шара аясында саябақтар, гүлзарлар, аулалар, қараусыз қалған аумақтар мен қоғамдық орындар тазартылады.