Алматының екі секторында суық су уақытша ажыратылады

28.11.2023 19:25

Судан уақытша ажыратылуы жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу және технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындаумен байланысты

reporter-nn.ru

30 қарашада сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Бостандық ауданындағы Қожанов - Гагарин - Байқадамов - Жароков көшелерінің аумағында су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал  Түрксіб ауданындағы Бехтерев, Вятка, Усачев, Монтин көшелерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерде уақытша суық су болмайды.

"Аталған қалалық секторларда жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу және технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты тұтынушылар суық судан уақытша ажыратылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.