Алматыда 20-21 маусымда қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жаппай дезинфекциялау шаралары жүргізіледі
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясының барысында 20-21 маусымда жаппай дезинфекциялау кезінде қандай нысандардың қызметі тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске сала кетейік, Қалалық комиссияның коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша шешіміне байланысты Алматыда 20-21 маусымда қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жаппай дезинфекциялау шаралары жүргізіледі.
«Медеу ауданында бүгін және ертең барлық ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың, супермаркеттердің, фитнес-орталықтар мен стадиондардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ, саябақтар, скверлер,бульварлар, жағалаулар мен басқа да қоғамдық орындарға да баруға болмайды», – деп хабарлаған Берік Солтанбаев Шымбұлақ таулы курорты, Медеу биік таулы мұз айдыны, Көктөбе, Бутаковка осы кезеңде келушілер үшін жабық болатынын атап өтті.
Медеу ауданының аумағында 19 СОО, СО, СҮ, 2 базар, 17 супермаркет, 31 фитнес орталық, 2 ірі саябақ және 20 сквер бар. Барлық көрсетілген нысандарда дезинфекция жүргізу жоспарланған. Өңдеу жүргізу үшін адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі төмен заттардың 4 класына жататын препараттар қолданылады. Сауда нысандарының дезинфекциясы олардың жекеменшік иелерімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, қоғамдық тамақтанудың 380 нысаны. Олардың ішінде 118 жазғы алаңдар бар. Қоғамдық тамақтану нысандарына тек тапсырыспен алдыру арқылы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген.
СОО орналасқан жеке есігі бар дәмханалар мен мейрамханалар штаттық режимде жұмыс істей алады.
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бұрында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың барлық аудандарында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауды бақылау бойынша мониторингтік топтар құрылды.
«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, әр ауданда мониторингтік топтар құрылды. Бүгінгі таңда Медеу ауданының аумағында 300-ден астам нысан тексерілді. Оның ішінде 114 нысан тәртіп бұзушылықты қалпына келтіргенге дейін жабылды», – деп толықтырды Берік Солтанбаев.
Медеу ауданы әкімінің орынбасары дезинфекция кезінде, аудан бойынша полиция қызметкерлерімен патрульдеу күшейтілетінін айтып, сондай-ақ тұрғындарды көзделген шараларды сақтауға және карантин режимін ұстануға шақырды.